«Қасиет-Н» бөбекжай-балабақшасы
«Қасиет-Н» бөбекжай-балабақшасы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Іргебай Сейтенов көшесі, №8 мекенжайында орналасқан. Балабақша 2016 жылғы 10 тамызда ашылған. Қазіргі таңда балабақшада 46 тәрбиеленуші білім мен тәрбие алуда. Тәрбиеленушілер 2 топқа бөлініп тәрбиеленеді. Балабақшаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың дене, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдай жасау, ұлттық құндылықтарға негізделген сапалы тәрбие мен білім беру.